Тараздағы таразы: Қарашөкеев қант зауытын жаңғыртуға бюджет қаржысын жұмсады ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қазақ Аруы - 2026” байқауының жеңімпазы белгілі болды

“Қазақ Аруы - 2026” байқауының жеңімпазы белгілі болды
Фото: BM Production

Байқау қорытындысы бойынша екінші орын қостанайлық Әйгерім Қайпенге бұйырды. Ол 10 480 дауыс жинаған. Ал үшінші орынға 4 499 дауыс алған шымкенттік Сымбат Әбубәкір жайғасты.

«Қазақ аруы – 2026» ұлттық сұлулық байқауында бас жүлдені алматылық 20 жастағы Асылым Өтепберген иеленді. Тікелей эфир барысында оған 17 164 көрермен дауыс берген, деп хабарлайды kznews.kz.

Биылғы жеңімпаз Асылым Өтепберген – Алматы қаласының тумасы. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алады. 20 жастағы ару әлеуметтік желіде де белсенді. Instagram парақшасына 30 мыңнан астам адам жазылған.

Осылайша, көрермендердің дауыс беру нәтижесінде биылғы «Қазақ аруы» атағы Асылым Өтепбергенге табысталды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.