KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Қатты ренжитінмін”: Жұлдыз Өмірғали анасының екінші отбасы болғанын айтты

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық әнші Жұлдыз Өмірғали бала кезіндегі ауыр кезеңдері туралы айтып, анасына деген өкпесін еске алды. Өнер иесі анасының жанында болмаған сәттерде өзін жалғыз сезінгенін айтып, балалық шағында ана мейіріміне зәру болғанын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Менің температурам 40 градус, ол кісі ана жақта, сонда ренжитінмін. "Мама, сен неге менің жанымда болғың келмейді?" деп. Менің тамағымды дайындап, шашымды өріп, сабаққа жібермейсің деп. Қазір түсінемін әрине, ол кісінің ол жақта басқа отбасы бар, ол кісінің сөзі өтпеуі мүмкін», – деді Жұлдыз Өмірғали.

Өнер иесі жылдар өте келе анасының сол кездегі жағдайын басқаша түсіне бастағанын атап өтті. Балалық шақтағы өкпе-ренішіне қарамастан, қазір анасының шешімдері мен сол кезеңдегі мүмкіндіктерін түсінуге тырысатынын аңғартты.

Әншінің бұл естелігі әлеуметтік желі қолданушыларының да назарын аударды. Желіде оның балалық шағындағы қиындықтары мен қазіргі өміріне қатысты түрлі пікірлер айтылды.

Кейбір қолданушылар Жұлдыз Өмірғалидың отбасылық өміріне қатысты бұрын айтылған оқиғаларды еске алып, оның жеке өміріндегі шешімдері мен балалық шағындағы жағдай арасында байланыс бар-жоғын талқылады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →