Маңғыстау облысында әкімдік көмек жинау бойынша бірыңғай операторды анықтады. Оның негізгі міндеті - Каспий теңізінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық қолдау көрсету, деп хабарлайды kznews.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Көмек жинау бойынша оператор"
"Қорға түсетін барлық қаражат тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы қатаң түрде нысаналы мақсатқа сай және толық ашықтық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Қордың қызметі мен түсетін қаражаттың қозғалысы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болады", - деп хабарлады әкімдік.
Әкімдік мәліметінше, бүгінде Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері 815 миллион теңге көлемінде материалдық көмек жинап үлгерген.
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсеткісі келетін азаматтар, бизнес өкілдері мен ұйымдар қаражатты қордың ресми реквизиттері бойынша аудара алады.
Облыс әкімдігі ақшаны жеке банк карталары мен жеке тұлғалардың шоттарына, сондай-ақ белгісіз немесе тексерілмеген реквизиттер бойынша аудармауға шақырады.
Ресми реквизиттер:
"Ұлттық рух" қоғамдық бірлестігі
БСН: 090140013447
Банк: "Alatau City Bank" АҚ
БСК: TSESKZKA
ЖСК: KZ03998PTB0000488655
Валюта: KZT