Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кәсіпкер келіншек Алтынай Жорабаеваны жылатты

Кәсіпкер келіншек Алтынай Жорабаеваны жылатты

Танымал әнші Алтынай Жорабаева күтпеген жерден автокөлік иеленді, деп хабарлады Kznews.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде сыйға Алтынай Жорабаеваға фудблогер Индира Жакупова су жаңа Lexus көлігін сыйлады. Әншіні қуантамын деп жылатып алған блогер бұл туралы жазба жариялады.

«Нөлден бастағалы қасымда жүрген, туғанымдай болып кеткен жанашыр әпкемді жылатып алдым. Әпке, сізге не сыйласам да лайықсыз ғой. Басыма небір сынақтар келгенде, кімнің кім екені көрінгенде қасымда қалған жалғыз жанашырым өзіңіз болдыңыз. Менен қолдауыңызды аямадыңыз! Маған деген аппақ көңіліңіздің қасында дүние деген не ол?! Сыйластығымыз арта берсін!», - деп жазды блогер Индира Жакупова.

Осылайша, тосынсыйға тап болған Алтынай Жорабаева су жаңа Lexus-тың иесі атанды.
«Мен шокпын. Төлеу мен Индира өзімізге Lexus аламыз деп алдап шақырыпты. Сөйтсем, менің туған күніме сыйлық екен. Машинаның артына гүл қойып, «Алтынай әпке, мына машина сіздікі» деп жазып қойыпты», - деді әнші Алтынай Жорабаева.

 
Автор
Айбар