«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кәсіпкер Болат Әбілов адвокат Абзал Құспанға тіл тигізгені үшін айыппұл төлемек

Кәсіпкер Болат Әбілов адвокат Абзал Құспанға тіл тигізгені үшін айыппұл төлемек

Кәсіпкер Болат Әбіловке жала жапқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды адвокат Абзал Құспан.

"Сот Абилов адвокат Абзал Құспанның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді Youtube Maidan сервисінде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде таратқаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген Алматы қалалық сотының адвокаты Құспанның әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған қаулысында.

Құжатқа сәйкес, тамыз айында Youtube арнада Әбіловпен " Олар кімдер: алаяқтар ма әлде қазақ халқының сатқындары ма?» деген тақырыпшамен сұхбат жарияланған еді. Сондай-ақ, бейнежазбада Абзал Құспанның суретімен "халықты алдап, билікке қызмет етушілер" деген мәтін болған. Сұхбаттың өзінде "Құспан - үкіметтің, биліктің қызыл адвокаты" деген сөздер бар. Алайда сот бұл пікірдің барлығын жалған деп санайды. Әбілов бұл сөз арқылы жеке тұлғаның ар – намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді деген тұжырым жасалды.

<span;>Фото: politic.kz

Автор
Данияр