«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Карина Құзғанбаева әлем чемпионы атанды

Карина Құзғанбаева әлем чемпионы атанды

Спорт

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Карина Құзғанбаева 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Фиджиде (Сува) жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Карина Құзғанбаева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының мәлімет бергендей, Карина Құзғанбаева жарысқа 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысты. Қос сайыс нәтижесі бойынша спортшы 224 келі (98+126) зіл темірді көтеріп, әлем чемпионы атанған.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық зілтемірші әлем рекордын жаңартты

Сонымен қатар Карина Құзғанбаева жұлқа және серпе көтеруде жақсы нәтиже көрсетіп, кіші алтын медальді жеңіп алды.

Айта кетейік, кеше қазақстандық ауыратлет Артем Антропов  Қазақстан қоржынына бірінші болып күміс жүлде салды. Сондай-ақ, спортшы серпе көтеруде кіші күміс медаль алды.

Ертең 87 келі салмақ дәрежесінде Ахмерова Дарья жарысқа қатысады.

Тағы оқыңыз: Илья Ильин қазақстандықтарға үндеу жасады - видео


sputniknews.kz
Автор
Мадияр