KZNews.kz
Спорт

Карина Ибрагимова бокстан Әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Torgyn Abushakhman

Оның қарсыласы грек спортшысы болды

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Карина Ибрагимова сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Kznews.kz

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шыққан боксшымыз грек қарсыласы Панагиота Кузилумен кездесті.

Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша Карина Ибрагимова жеңіске жетті. Осылайша ол чемпионаттың 1/8 финалына жолдама алып, келесі кезеңге өтті.

Ибрагимова енді әлем біріншілігінің келесі кезеңінде бокстасады. 

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары