ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Карантинге жабылған Алматыға кіруге тырысқандар бақылау-өткізу пунктінде видеоға түсіп қалды - Қазақстан жаңалықтары

Карантинге жабылған Алматыға кіруге тырысқандар бақылау-өткізу пунктінде видеоға түсіп қалды - Қазақстан жаңалықтары

Желіде "Алтын Орда" базарындағы бақылау-өткізу пунктінен видео пайда болды. Алматы облысының тұрғындары төтенше жағдай режимінің тоқтаған алғашқы күні қалаға кіруге үміттенуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео инстаграмдағы dorogi_almaty_official парақшасында пайда болды.

  Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме берді.

"Алтын Орда" базарының жанындағы бақылау-өткізу бекетінде таңертең аздаған адамдар болды. Қоғамдық тәртіпті бұзу болмады. Адамдарға қаланың периметрі бойынша 27 кедергілер бұрынғысынша жұмыс істеп жатыр деп айтылды. Карантинге жабылған Алматының шекаралары жабық. Қазір бақылау-өткізу пункттеріндегі жағдай тұрақты. Азаматтарды тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамыз", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб қала тұрғындарына карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды еске салды, сонымен қатар қаланың периметрі бойынша жол тосқауылдарының жұмысы бұрынғы қарқында жұмыс істейтінін атап өтті.


stan.kz
Автор
Данияр