«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Карантинге алынған ер адамның әрекеті полицейлерді әбігерге салды

Карантинге алынған ер адамның әрекеті полицейлерді әбігерге салды

Полицейлер ауыл тұрғынын тауып, қайтадан карантиндік стационарға жатқызды. Қашқынмен байланыста болғандар да оқшауланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Көкшетауда ер адам карантиннен қашып кетті. Полицейлер оны Гранитный ауылынан тапты.

Қазақстан азаматы Көкшетауға Ресейден келген, деп хабарлады Ақмола облысының полиция басқармасы. Ол медицина колледжінде орналасқан стационарға карантинге жатқызылған.  

Бірақ 43 жастағы ер адам үйіне кеткісі келіп, қашып шыққан.

Оқи отырыңыз: Абаев карантинде жатқан әйелдің бұрынғы күйеуі не істегенін айтып берді 

Полицейлер оны Гранитный елді мекенінен тауып, стационарға қайта жеткізді. Ауыл тұрғынымен қарым-қатынас жасағандар да карантинге жіберілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша хаттама жасалды.

Енді ер адамға ескерту жасалады немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (1 АЕК – 2778 теңге) немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.


sputniknews.kz
Автор
Айбар