“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Канадада полицей киімін киген азамат 16 адамды атып өлтірді - Қазақстан жаңалықтары

Канадада полицей киімін киген азамат 16 адамды атып өлтірді - Қазақстан жаңалықтары

Канаданың Жаңа Шотландия провинциясында полицей киімін киген ер азамат адамдарға оқ жаудырып, салдарынан 16 адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости" порталына сілтеме жасап. 

Портапик қаласындағы адамдарға қатыгездікпен оқ атқан азаматтың 51 жастағы Габриэл Уортман екені белгілі болған. 

Алғашында қылмыскердің қолынан он үш адам мерт болғаны айтылыпты. Кейіннен қаза тапқандардың саны 16-ға дейін өскен. Олардың арасында канадалық атты полицей қызметкері де бар көрінеді.

Қазіргі қанды оқиғаға кінәлі ер азаматты полицейлер атып тастаған көрінеді. Жергілікті полиция бұл жағдайды терроризм әрекеті деп қарастыруда екен. 

Уортманның полицейлердің формасына ұқсас киім кигені анықталыпты. Алайда оның құқық қорғау қызметіне еш қатысы жоқ екені айтылған. Ер адамның бұл ісіне не түрткі болғаны беймәлім. 


stan.kz
Автор
Айбар