"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кальций және оның қосылыстары сабақ жоспары

Кальций және оның қосылыстары сабақ жоспары
Химия 9 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары
Мақсаты: Кальций және оның қосылыстарымен танысу.
1. Периодтық жүйедегі орны бойынша сілтілік жер металы кальцийге сипаттама беру.
2. Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
3. Кальцийдің қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра білу, химиялық тілде сөйлеу. Есептерді өз бетінше құрастырып шығару.
Күтілетін нәтиже
Сілтілік жер металы кальцийге периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере алады, олардың қосылыстарының генетикалық қатарын анықтайды. Табиғи қорларын біледі, қолданылу аясын түсіндіре алады. Кальций және оның физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызын ажырата біледі.
Әдіс – тәсілдер
Ой түрткі «Бинго», Танымдық ойын «Құрастыр, одан кейін жауап бер», Топтық жұмыс «Ассоциация», Эксперименттік бөлім «Химик зертханада», «Ойлан, жұптас, бөліс».
Құрал жабдықтар:
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.
«Периодтық жүйе»кестесі, үлестірмелі материалдар, тірек сызбалар.

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды химиялық формулалар бойынша үш топқа бөлдім.

Үй тапсырмасын сұрау
1. Ой түрткі «Бинго». Өтілген тақырыптарды қайталауда оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды.
2. «Танымдық ойын» «Құрастыр, одан кейін жауап бер»
Қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан баспанасы киіз үйдің қаңқасына металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеп жинақтау.
Мұғалімі: Қойшыбаева А.
Кальций және оның қосылыстары жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/
Автор
Санжар