"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Юрий Шатуновтың анасы Бәтима Тазекенова жайлы дерек шықты

Юрий Шатуновтың анасы Бәтима Тазекенова жайлы дерек шықты

23 маусым күні дүниеден озған әнші Юрий Шатуновтың анасы Бәтима Тазекенова туралы деректер шықты.

Бұл туралы журналист Қанат Әуесбай өзінің Facebook парақшасында хариялады.

«Бақұл бол, Юра жиен! Бала кезімізде барлық әні еліттірген, аты аңызға айналған Юрий Шатунов бақилыққа аттаныпты. Небәрі 48 жас, инфаркт. Жедел жәрдем көлігінде кетіп бара жатып жүрегі тоқтаған.

Жетімдер үйінде өскен Юра бала өзі өскен сол жетімдер үйінің көп жыл директоры болған қандасымыз Валентина (шын есімі Бәтима) Тазекенованы өмір бойы анашым деп аялап өткенін ел біледі. Бәтима Тазекенова педагогика ғылымдарының кандидаты, РФ еңбегі сіңген құрметті ұстазы. Юраны асырап алған анасы 2015 жылы қайтыс болды. Араға 7 жыл салып, баласы да анасының артынан кете барды. Қош бол, мәңгілік бала бейне ! Юрамен бірге көше әндерінің бір дәуірі көшті десек шындықтан қағыс кетпейміз-ау» делінген хабарламада.


Еске салсақ, Кеңес Одағы кезінде барлық 15 одақтас елдерге танымал болған «Ласковый май» тобының солисі Юрий Шатунов қайтыс болды. Ол 48 жаста еді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол инфарктан кейін жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.
Автор
Айбар