"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Юрий Шатуновқа қатысы бар дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Юрий Шатуновқа қатысы бар дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

"Ласковый Май" тобының бұрынғы солисі, танымал ресейлік әнші Юрий Шатуновқа дер кезінде көмек көрсетпеген жедел жәрдем дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дегенмен қылмыстық іс қандай бап бойынша қозғалғаны белгісіз.

"Юраның жағдайы үстелде отырғанда нашарлап кетті. Кенеттен кеудесін ұстап, тыныс алуы қиындады. Біз жедел жәрдем шақырған едік, бірақ диспетчер науқасты “өздерің алып келіңдер, әйтпесе, көп күтіп қаласыңдар” деп жауап берді. Жақын маңдағы жедел жәрдем бөліміне апарған едік, ол жақтағылар науқастың жағдайы ауыр деп ауруханаға жіберді. Сондағы берген көліктері  – ескірген, еш жабдығы жоқ “Газель” автокөлігі. Юра ауруханаға жетпей көз жұмды. Ауруханада дәрігерлер оған көмектеспек болды, алайда қолдарынан ешнәрсе келмеді. Себебі ол кезде Юра қайтыс болған еді. Меніңше, ауруханаға жеткізгенше кеш болып кетті, қазір дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды”, – дейді марқұмның көмекшісі.

Айта кетсек, Юрий Шатунов 48 жасында 23 маусымда инфарктан көз жұмған еді.
Автор
Айбар