KZNews.kz
Спорт

Юлия Галышева әлем кубогында бірінші болды

Жандос

Калгари қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева бірінші болды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитеті.

Финалда отандасымыз 79,10 ұпаймен бірінші орыннан көрінді. Екінші сатыда - франциялық Перрин Лаффон. Ол 77,96 ұпай жинаған. Америкалық Джейлин Кауф үздік үштікті қорытындылады.

Айта кеткен жөн, Юлия Галышева былтыр желтоқсанда Финляндияның Рука қаласында күміс медаль ұтқан.


prosports.kz
Жандос
Автордың басқа материалдары