«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Эпидемиологтар Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын болжады

Эпидемиологтар Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын болжады

Отандық ғалымдар тұмауға қарсы вакцинаны мүмкіндігінше көп адам алуы тиіс деген пікірде. Өйткені Қазақстанды коронавирустың екінші толқыны күтіп тұр

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Коронавирустың екінші толқыны күзде басталады деп болжанып отыр, ал Қазақстанда ол тұмау эпидемиясымен тұспа-тұс келеді. Отандық эпидемиолог ғалымдар денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен өткен бейнеконференция барысында осындай болжам жасады, деп хабарлады "Еуразия" бірінші арнасы. 

Оқи отырыңыз: Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін, бұл қауіпті кезең – денсаулық сақтау министрі  

Сарапшылардың пікірінше, тұмауға қарсы вакцинаны мүмкіндігінше көп адам алуы тиіс, бұл өте маңызды.  

"Маусымдық болжамды әзірге ешкім жоққа шығарған жоқ, дегенмен маусымдық – бұл тұмау маусымы сияқты қатты болмайды. Індет жазда да, күзде де жалғасады деген болжам жасалып отыр", - деді Асфендияров атындағы ҚҰМУ-дің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Бауыржан Жүсіпов.

Қазақстандық ғалымдар COVID-19 инфекциясын зерттеу үшін биоматериал банкін құруды сұрады.  

Кездесуде Елжан Біртанов Жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы  ашылуы мүмкін екенін айтты.


sputniknews.kz
Автор
Айбар