Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Йемен билігі Израильге қарсы соғыс жариялады

Йемен билігі Израильге қарсы соғыс жариялады

Йемендегі "Ансар Алла" хуситтер тобының өкілі Яхья Сариа Израильге ресми түрде соғыс жариялап, Палестина халқын қолдауға бағытталған әскери операцияның басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі  "9 канал Израиль" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Йеменнен зымыран ұшырылған.

"Қарулы Күштеріміз баллистикалық және қанатты зымырандарды, сондай-ақ көптеген дрондарды ұшырды. Біз Израиль агрессиясы аяқталғанға дейін зымырандар мен дрондарды қолдана отырып, шабуыл жасауды жалғастырамыз", – деді Йемен бригадирі.

Хуситтердің өкілі шабуылды Газа секторының тұрғындары үшін "діни, моральдық, гуманитарлық және ұлттық жауапкершілік сезім" мен "араб әлемі" үшін және Израильді қолдаған араб мемлекеттерінің кесірінен бастағанын айтты.

Израильдің Эйлат қаласына атылған зымырандар әуе қорғанысымен атып түсірілген. IDF ұшақтары дрондарды да атып түсіріпті.

"Ансар Алла" хуситтер тобы Йеменде 2015 жылдан бері билік етіп келеді, БҰҰ олардың билігін мойындамайды. Хусит режимі Иран мен "Хезболланы" да қолдайды.

Автор
Айбар