Медиасауат: қоғам блогерлер мен инфлюенсерлерге сенбейді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Экс-министр Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

Экс-министр Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

Ол 2016-2019 жылдары сыртқы істер министрі қызметін атқарған болатын


АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Президент жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция корольдігіндегі елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қайрат Әбдірахманов 2016 жылдың 28 желтоқсанынан 2019 жылдың 26 желтоқсанына дейін сыртқы істер министрі қызметін атқарған болатын.

1964 жылы Талдықорған облысындағы Панфилов қаласында  дүниеге келген.

1987 жылы  тарих мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін тамамдады. Әр жылдары Қайрат Әбдірахманов Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстанның Израильдегі және Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінде болды.


sputniknews.kz

Автор
Бауыржан