Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Экс-депутаттың ұлы күзетшіні сабап өлтірген: іс сотқа түсті

Экс-депутаттың ұлы күзетшіні сабап өлтірген: іс сотқа түсті

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің біріндегі күзетшіні сабап өлтірді күдікпен ұсталған адамның ісі сотқа жетті. Ақпаратты Алматы соттары телеграм-арнасы таратты, деп хабарлайды Kznews.kz.


Жол талғамайтын көлікпен бірнеше рет күзетшіні басып, артынан сабап, басына секірген күдіктінің қылмысы видеоға түсіп қалған еді. Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, алайда есін жимай қайтыс болып кеткен. Қатігездікке күзетшінің ата-анасының өтініші бойынша тұрғын үй кешенінің ауласынан ашуланған адамды босатпағаны себеп болған. БАҚ сол тұста ұсталған күдікті экс-депутаттың ұлы екенін жазған еді.

Күдікті қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-ші тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және 147-баптың 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату) бойынша айыпталған.

– Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталуда. Сонымен қатар тергеу сотталушыны өзінің танысы А-ға қатысты әлеуметтік желілер арқылы порнографиялық бейнероликтерді таратқаны үшін айыптайды, – деп хабарлайды сот.

Сот отырысының күні әлі беліленген жоқ.
Автор
Айбар