KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Эйр Астананың" 2 бортсерігі коронавирус жұқтырды - Қазақстан жаңалықтары

Айбар

"Эйр Астана" әуекомпаниясының екі жолсерігі коронавирус жұқтырды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгін біздің қызметкерлеріміздің арасында COVID-19 жұқтырған екі адам анықталды, олар "Эйр Астана" әуе кемесінің экипажының мүшелері, - деді Алпысбаев брифингте.

Олар жұқпалы ауруды жұмыс барысында жұқтырмағанын айтты.

"Олар қазір өздерін жақсы сезініп, үй карантинінде жатыр", - деп түсіндірді ол.


stan.kz
Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →