"Эйр Астана" әуекомпаниясының екі жолсерігі коронавирус жұқтырды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін біздің қызметкерлеріміздің арасында COVID-19 жұқтырған екі адам анықталды, олар "Эйр Астана" әуе кемесінің экипажының мүшелері, - деді Алпысбаев брифингте.
Олар жұқпалы ауруды жұмыс барысында жұқтырмағанын айтты.
"Олар қазір өздерін жақсы сезініп, үй карантинінде жатыр", - деп түсіндірді ол.
stan.kz