"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Израильдің Тегеранға жасаған шабуылы салдарынан Иран президенті жарақат алды – БАҚ

Израильдің Тегеранға жасаған шабуылы салдарынан Иран президенті жарақат алды – БАҚ

16 маусымда Израильдің Тегеранға жасаған шабуылы кезінде Иран президенті Масуд Пезешкианның жараланғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Fars басылымының мәліметінше, Иран президенті 16 маусым күні жараланған. Шабуыл Иран астанасының батыс бөлігіндегі ғимаратта елдің жоғары лауазымды шенеуніктері қатысқан Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің отырысы өтіп жатқан кезде болған. 

Әскер ғимараттың кіреберіс бөлігін нысанаға алған. Ссалдарынан шенеуніктер апаттық люк арқылы сыртқа шығуға мәжбүр болған. Олардың кейбірі, соның ішінде президент Пезешкиан аяқтарынан жарақат алды. 

Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль әскери күштері Иранға соққы жасады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Теграндағы жарылыстар туралы жазды. Израильде төтенше жағдай жарияланып, қорғаныс министрі Йоав Галант елдің Иран тарапынан зымырандар мен дрондар арқылы жауап соққысын күтіп отырғанын айтты.

Бұған қоса, Израиль қорғаныс армиясы мыңдаған резервистің мобилизациялағанын және палестиналық қалалардың айналасына қорғаныс шебі орнатылатынын хабарлады. Сондай-ақ ЦАХАЛ Ислам революциясы сақшылары корпусының әуе күштері басшылығын, соның ішінде қолбасшы Али Хаджизадені қаза тапқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар Израильдің Иранда көп жылдар бойы жасырын операциялар жүргізіп келгені белгілі болды.  Ал Дональд Трамп Иранды ядролық келісімге қол қоюға шақырып, “бәрі кеш болмай тұрғанда” әрекет етуге шақырды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.