KZNews.kz
Әлем

Израиль үкіметі мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді

Ayzhan Sylanova
Фото: Israel Defense Forces/Handout via REUTERS

Келісім бойынша, ХАМАС қозғалысы кепілде ұстап отырған тұтқындарды босатады, ал Израиль әскері анклав аумағынан шығарылады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәміленің жүзеге асуына үлес қосқаны үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа алғысын білдірді. Өз кезегінде Трамп тұтқындардың “дүйсенбі немесе сейсенбі күні” босатылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Келісімшартқа сәйкес, Израиль билігі:

Сонымен қатар, Израиль тарапы 360 адамның мәйітін ХАМАС-қа қайтарады. Ал ХАМАС өз кезегінде 72 сағат ішінде кепілде отырғандарды және қайтыс болғандардың денелерін қайтаруға міндеттеледі. Израильдің мәліметінше, қазіргі уақытта тұтқында 48 адам бар, олардың шамамен 20-сы тірі.

Келісім күшіне енгеннен кейін Израиль армиясы Газаның шамамен 53 пайызын бақылауында ұстайтын болады.

Израильдің министрі Гидеон Саар ХАМАС келісімнің барлық шарттарын орындаса, қарсы шабуыл болмайтынын айтты.

Ал Дональд Трамп Газаның біртіндеп қалпына келтірілетінін, бұл үдеріс халықаралық қолдаумен жүзеге асатынын атап өтті. Бірқатар мұсылман мемлекеттері де анклавты қалпына келтіруге көмектесуге дайын екендерін білдірді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары