Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Италияда екі күннің ішінде коронавирусты жұқтырғандар саны 2-ден 79-ға дейін өсті - Қазақстан жаңалықтары

Италияда екі күннің ішінде коронавирусты жұқтырғандар саны 2-ден 79-ға дейін өсті - Қазақстан жаңалықтары

Италияда коронавируспен ауырған 77 жағдай тіркелді. Бұл туралы Италияның азаматтық қорғаныс бастығы Анджело Боррели айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА новости» порталына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, екі күн бұрын тағы да екі адам коронавирус жұқтырған.

Инфекция Италияның бес аймағында тіркелгенін атап өтті. Екі адам көз жұмып, тағы 18 науқас жан сақтау бөлімінде жатыр.

Ел билігі зардап шеккен аймақтардың басшыларына коммуналарды бұғаттауға мүмкіндік беретін жарлық қабылдады. 

«Біз өткізу пункттерін құрамыз және қажет болған жағдайда қарулы күштерді тартамыз», - деп уәде берді премьер-министр Джузеппе Конте.

Коронавирустың өршуі Қытайдың Ухань қаласында 2019 жылдың желтоқсан айының соңында тіркелді. Қытайдан басқа, ауру әлемнің 20-дан астам елінде анықталған, 2362 адам көз жұмды. Ауру жұқтырғандардың саны 77,9 мың адамға дейін өсті, 21,3 мыңнан астам адам аурудан айықты.
 


stan.kz
Автор
Данияр