Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Испанияда ұлттық аза тұту күні жарияланды

Испанияда ұлттық аза тұту күні жарияланды

Валенсиядағы апатты су тасқыны 70 адамның өмірін қиды



Испания үкіметі 2024 жылдың су тасқынынан қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендерге көңіл айту үшін 31 қазан, 1 және 2 қараша күндерін ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz.

La Moncloa басылымының жазуынша, корольдің жарлығы бүгін, 31 қазанда ресми мемлекеттік газетте жарияланады.

«Үш күндік ресми аза тұту кезінде мемлекеттік ту барлық мемлекеттік ғимараттарда, соның ішінде шетелдегі өкілдіктер мен миссияларда төмендетіледі», – делінген басылымда.

Айта кетейік, Валенсиядағы апатты су тасқыны 70 адамның өмірін қиды. Тағы екі адам Кастилия-Ла-Манчтағы су тасқынынан көз жұмды.

Жауын-шашынның салдарынан ондаған мың тұрғын электр қуатынсыз қалды.

29 қазанда басталған жауын-шашын бүгін де тоқтамауы мүмкін.

Апаттан зардап шеккен аумақтар апат аймақтары деп жарияланады.

Автор
Айбар