«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Испанияда коронавирусқа байланысты халыққа 500 евро берілетін болды - Қазақстан жаңалықтары

Испанияда коронавирусқа байланысты халыққа 500 евро берілетін болды - Қазақстан жаңалықтары

Испания үкіметі мамыр айында мемлетке тұрғындарына жәрдемақы табыстау туралы шешім шығарыпты. Мемлекет билігі азаматтарға шамамен 500 евро үйлестірмекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы El Pais басылымы жазыпты. 

Аталған шара бүкіл Испания халқын қамтымақшы. Ең бірінші кезекте, бұл жағдай коронавирус пандемиясы салдарынан табыссыз қалғандардың тұрмысын жақсартуға бағытталыпты.

Негізінен Испанияда мемлекет тарапынан халықты ақшалай қолдау туралы сәуір айының басында айтылған. Осы кезде елдің экономика министрі Надия Кальвиньо испаниялық отбасыларға көмек көрсету керек екендігін мәлімдеген. 

Қазақстанда ТЖ кезінде табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттен 42 500 теңге тағайындау қолға алынған. Қазіргі таңда жәрдемақы 3,6 миллионнан астам қазақстандыққа беріліпті. 


Коронавирусқа қатысты Гонконг тұрғындарына 1300 доллар ақша табысталады


stan.kz
Автор
Айбар