KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ішкі істер министрі ҚАЖК төрағасын ауыстырды - Қазақстан жаңалықтары

Бауыржан

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жаңа төраға тағайындалды. Бұл қызметке Дархан Қанатбеков келді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы қызметіне әділет полковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы тағайындалды.

Министр Ерлан Тұрғымбаев жеке құрамға ҚАЖК-ның жаңа төрағасын таныстырды.

Дархан Қанатбеков қылмыстық атқару жүйесі органдарында 2001 жылдан бері қызмет етіп келеді. Оның жұмыс тәжірибесі, басшылық қызметтегі тәжірибесі жеткілікті.
 


stan.kz
Бауыржан
Журналист
Автордың басқа материалдары →