"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ішінде 25 адам болған: Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Ішінде 25 адам болған: Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Астанада жолаушы автобусы бағанға соғылды. Зардап шеккендер бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Бараев көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем көліктері бірінен соң бірі келіп жатыр. Полиция апат кезінде автобустың ішінде 25 жолаушы болғанын мәлімдеді. Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бараев көшесімен Қабанбай батыр даңғылына қарай бағыт алған автобус жүргізушісі басқаруды жоғалтып, жарық бағанасына соғылған. "Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір осы жағдай бойынша тексеру жүргізілуде. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда", – делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолдарда ерекше мұқият болуға, жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Автор
Данияр