KZNews.kz
Жаңалықтар

Иранның рухани көшбасшысының резиденциясы: Жойқын жарылыстардан кейінгі кадрлар

Қайсар Қанат
kznews.kz коллажы

Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің резиденциясына жасалған соққылардың салдары көрсетілген кадрлар жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Иран басшысының резиденциясының қазіргі суретін The New York Times басылымы жариялады.

"Спутниктік түсірілімдер аятолла Әли Хаменейдің қатаң күзетілетін резиденциясында ауқымды қираулар болғанын көрсетеді", – делінген хабарламада.

Басылымның мәліметінше, фотосуреттерде Иран көшбасшысының резиденциясы әрі жоғары лауазымды шенеуніктерді қабылдайтын орын ретінде пайдаланылатын кешендегі қираған ғимараттар көрінеді.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →