Ирандық заңгер хиджаб үшін 15 жылға сотталуы мүмкін
13 марта, 2019
Ирандық заңгер хиджаб үшін 15 жылға сотталуы мүмкін
Иран соты 55 жастағы құқық қорғаушы Насрин Сотудені 10 жыл бас бостандығынан айыруға және 148 рет шыбықпен ұру жазасына кесті.
Ол бұған дейін бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген және ол жазасын өтеп жатқан. 148 рет шыбықпен ұру жазасын оған сот отысына хиджабсыз келгені үшін тағайындаған. Насрин Сотуде Ирандағы хиджаб киюді міндеттеуге қарсы шыққан оппозициялық белсенділердің құқығын қорғаған.