KZNEWS.KZ
Әлем

Иранда АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан 300-ден астам бала жараланды

• Қайсар Қанат
АР

Иран аумағына жасалған АҚШ пен Израиль соққыларының салдарынан 300-ден астам бала мен жасөспірім жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Иранның жедел жәрдем қызметінің басшысы Джафар Миадфардың айтуынша, жараланған кәмелетке толмағандардың барлығы ауруханаларға жеткізілген.

"Ирандағы сионистік-америкалық шабуылдардың салдарынан қаза тапқан ең кішкентай бала – бір жасар сәби. Ал жараланғандардың ішіндегі ең кішісі – небәрі алты айлық нәресте", – деді Миадфар Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы эфирінде.

Иран билігінің мәліметінше, 28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан жалпы 1045 адам қаза тапқан.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →