Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні өлімнен құтқарып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Иранда 19 жастағы танымал балуан өлім жазасына кесілді

Иранда 19 жастағы танымал балуан өлім жазасына кесілді
10NewsAU / YouTube

Иранда өткен жылдың соңында болған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты айыпталған үш адамның бірі – елдің еркін күрес құрамасының 19 жастағы мүшесі Салех Мохаммади, деп хабарлайды kznews.kz.

19 наурыз күні Иран билігі үш ер адамды өлім жазасына кесті. Олар наразылықтар кезінде екі полиция қызметкерінің қазасына себеп болды деп айыпталған. Алайда құқық қорғау ұйымдары бұл үкімнің әділ жүргізілмегенін айтып, айыпталушылардың мойындаулары азаптау арқылы алынғанын мәлімдеді.

Салех Мохаммади, Мехди Гасеми және Саид Давуди Кум қаласында (Тегеранның оңтүстігі) дарға асу арқылы жазаланған. Тергеу мәліметінше, олар кісі өлтіруден бөлек, Израиль мен АҚШ мүддесіне жұмыс істеген «диверсиялық әрекеттерге» де қатысы бар деп танылған.

Айта кетейік, Салех Мохаммади 2024 жылы Красноярск қаласында өткен, үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирде 71 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленген.

Еске салсақ, өткен жылдың соңында Иранда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты жаппай наразылықтар басталған болатын. Ресми емес деректер бойынша, бұл оқиғалар кезінде шамамен 2 мыңға жуық адам қаза тапқан, алайда нақты көрсеткіш әртүрлі бағаланып отыр. Билік интернетке шектеу енгізіп, тәртіпсіздіктерге АҚШ пен Израильді кінәлаған.

Сондай-ақ аймақтағы жағдай шиеленісіп, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери әрекеттер қолдану мүмкіндігін жоққа шығармаған. 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жасаған, ал Иран өз кезегінде Таяу Шығыстағы америкалық нысандар мен Израильге жауап шабуылдарын ұйымдастырған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер