Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Иран Парсы шығанағындағы аралдарға басып кіруге қатысты қатаң ескерту жасады

Иран Парсы шығанағындағы аралдарға басып кіруге қатысты қатаң ескерту жасады
Фото: Жасанды интеллект / Kznews.kz

Иран парламентінің төрағасы Мохаммад Багер Қалибаф елге тиесілі аралдарға қандай да бір басып кіру әрекеті жасалса, оның салдары ауыр болатынын мәлімдеді. Бұл туралы AP агенттігі жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Иранның аралдарына қауіп төнсе, Парсы шығанағы «басқыншылардың қанына боялады». Әзірге бұл мәлімдемеге нақты не түрткі болғаны белгісіз. Алайда сарапшылар мұны аймақтағы соғыс риторикасының тағы бір ушығуы деп бағалап отыр.

Қазір Иранға қарсы АҚШ пен Израильдің соққылары жалғасып жатқан шақта, Тегеран Парсы шығанағындағы кеме қатынасы мен энергетикалық нысандарға шабуылдарын күшейткен. Соның салдарынан мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асты.

Соңғы шабуылдар аясында Дубай маңындағы контейнер кемесі соққыға ұшырап, Бахрейн әуежайы аумағында өрт шыққаны хабарланды. Сауд Арабиясындағы мұнай кен орындары мен Ирактың Басра портында да шабуылдар тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, Иранның Парсы шығанағындағы үш аралға қатысты қатаң ұстанымы және Ормуз бұғазына бақылауы аймақтағы жағдайды одан әрі шиеленістіріп отыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер