Әли Хаменейдің қазасына қатысты жаңа болжам айтылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Таяу Шығыс бойынша сарапшы Каринэ Геворгян оның қазасы кездейсоқ болмауы мүмкін екенін алға тартты. Ол бұл пікірін подкаст барысында білдірген.
Сарапшының айтуынша, 86 жастағы саясаткер АҚШ пен Израильдің ықтимал шабуылының қаупін толық түсінген және әдейі қауіп аймағында қалуды таңдаған болуы мүмкін.
Сонымен қатар Геворгян АҚШ-тың Иранға қатысты әрекеттерінде өз мүмкіндігін асыра бағалағанын атап өтті. Оның сөзінше, Иран мұндай шиеленіске алдын ала дайындалып, жаңа кезеңге көшкен.
Атап айтқанда, елде «Хорремшехр» гипердыбыстық зымырандарын жаппай өндіру қолға алынғаны Вашингтон мен Тель-Авив үшін күтпеген жағдай болған.
Еске сала кетейік, Әли Хаменей 28 ақпан күні АҚШ пен Израиль шабуылы басталған сәтте өзінің жұмыс кабинетінде болған кезінде қаза тапқан.