KAZ Minerals шахтасында тағы бір адам қаза тапты: жұмысшы 9 метр биіктіктен құлаған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларына "жаппай соққы" жасаймын деп сес көрсетті

Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларына "жаппай соққы" жасаймын деп сес көрсетті
Фото: ашық деркккөзден

Иран Ислам революциясының сақшылар корпусы Иранның мұнай танкерлері немесе сауда кемелеріне жасалған кез келген соққыға жауап ретінде Таяу Шығыстағы АҚШ-тың бір әскери базасына және "жау кемелеріне" жаппай шабуыл жасалатынын ескертті, деп хабарлайды kznews.kz Tasnim басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйым мұндай шаралары қазір әлсіз әрі тұрақсыз болып тұрған атысты тоқтату келісіміне қарамастан жүзеге асуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

"Иранның мұнай танкерлері мен коммерциялық кемелеріне жасалған кез келген шабуыл Таяу Шығыстағы АҚШ-тың бір әскери базасына және “жау кемелеріне” қарсы қуатты соққыға себеп болады", – делінген мәлімдемеде.

Бұл ескерту АҚШ екі ирандық мұнай танкеріне соққы жасағаннан кейін келесі күні жасалды. Бұл бір айдан бері сақталып тұрған, бірақ АҚШ тарапы әлі де күшінде деп санайтын атысты тоқтату режиміне күмән тудырды. 

 “Танкерлер Иран порттарына қойылған блокаданы бұзуға әрекет жасады”, – деді америкалық әскерилер.

Ал Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-ты соңғы соққылары үшін сынға алып, Иран қажет болса соғыс қимылдарын қайта бастауға дайын екенін айтты.

Бұған дейін Дональд Трамп Ормуз бұғазындағы азат ету операциясының басталғанын айтқан еді. Трамптың айтуынша, "әлемнің көптеген елдері" Вашингтонға Ормуз бұғазында АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан тоқтап қалған кемелерін босатып жіберу туралы өтінішпен жүгінген.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.