Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Интим видеосы тарап кеткен ақтаулық Хан асаба қамауға алынды

Интим видеосы тарап кеткен ақтаулық Хан асаба қамауға алынды
Видеодан алынған кадр

Белгілі асаба Қасым Өтешев, көпшілікке "Хан" лақап атымен таныс, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

БАҚ мәліметінше, мұндай шешім оның жұбайы Алмаға қатысты шығарылған қорғаныс нұсқамасының талаптарын бұзуына байланысты қабылданған.

Ақпаратқа қарағанда, мамыр айының ортасында полиция Қасым Өтешевке жұбайына жақындауға және онымен байланыс орнатуға тыйым салатын қорғаныс нұсқамасын берген. Алайда бірнеше күннен кейін асаба Алманың үйіне барған.

Сол жерде ерлі-зайыпты арасында жанжал шыққаны айтылады. Оқиға орнында болған құрбысының сөзінше, әңгіме тез арада дау-дамайға ұласып, тараптар бір-біріне ауыр сөздер айтқан.

Осылайша, әлеуметтік желіде қызу талқыланған отбасылық жанжал Қасым Өтешевке қатысты құқықтық мәселеге ұласты. Қорғаныс нұсқамасын бұзғаны үшін ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Мәліметке сүйенсек, тамада жақын күндері бостандыққа шығуы тиіс.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.