KZNews.kz
Қоғам

Интернет өшті, полиция фургоны көрінді: Маңғыстауда наразылық білдірушілер көбейіп барады

KZNEWS

Маңғыстау облысында наразылық білдірушілер саны артып келеді. Сонымен қатар полиция фургоны байқалып, ірі елді мекендерде интернетке байланысты қиындықтар туындап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Біз бағаның көтерілуіне байланысты өз талаптарымызды қойып отырмыз - газдың, азық-түліктің бағасын төмендету керек», - деді жергілікті тұрғын.

ҚазТАГ редакциясына облыстың түкпір-түкпірінен жергілікті тұрғындар мен еңбек ұжымдары бағаның көтерілуіне наразылықтарын білдіретін бейнекадрлар түсіріп жолдауда.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары