Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қылмыскерлер паналайтын ел емес": Индонезия полициясы Сұлтан Сәрсемәлиевтің ұсталу сәтін жариялады

"Қылмыскерлер паналайтын ел емес": Индонезия полициясы Сұлтан Сәрсемәлиевтің ұсталу сәтін жариялады
Фото: beritasatu.com/Muhammad Awaludin

Атырау облысының Жангелдин ауылында ата-енесін өлтірді деген күдікке ілініп, халықаралық іздеуде жүрген Сұлтан Сәрсемәлиев Индонезиядағы туристік аймақта ұсталып, жергілікті полиция оның құрықталған сәтіне қатысты материалдарды тарата бастады, деп хабарлайды Kznews.kz Ertenmedia.kz-ке сілтеме беріп.

Бұған дейін күдіктінің Ломбок аралының солтүстігіндегі Сенару ауылындағы қонақүйден қолға түскені хабарланған. Солтүстік Ломбок полициясының бастығы Агус Пурвантаның айтуынша, арнайы операция Интерполдың «қызыл бюллетені» және Атырау қалалық сотының 2026 жылғы 8 қаңтардағы қаулысы негізінде жүргізілген.

«Интерполдан келген ресми хабарламада оқиғаның мән-жайын естіп жағамызды ұстадық. Біздің міндетіміз Индонезияның халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер паналайтын елге айналуына жол бермеу», – депті жергілікті БАҚ-қа пікір білдірген полиция басшысы.

Мәліметке сүйенсек, құрықтау шарасы 24 ақпанда өткен. Қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы И.Команг Виландра күдіктінің Сенару ауылында жүргенін анықтап, жедел ұстау операциясына кіріскен. Полиция қонақүйге кірген сәтте Сәрсемәлиев қашуға әрекеттенгенімен, алысқа ұзай алмаған.

«Жедел топтың қырағылығы арқасында күдікті еш қарсылықсыз әрі тұрғындарға залал келтірмей қолға түсті», – дейді Виландра.

Сондай-ақ оқиға орнында Қазақстанның тағы бір азаматшасы, 30 жастағы әйелдің де ұсталғаны айтылады. Бұған дейін бұл келіншектің қаза тапқан ерлі-зайыптының қызы Ақбаян Мұқанғалиева екені жазылған.

Тергеушілер ұсталғандардың жеке куәлігі мен паспорты, халықаралық банк карталары және ұялы телефондары тәркіленген. Ал экстрадиция мәселесі алдағы уақытта Индонезияның тиісті органдарымен бірлесіп шешілетіні хабарланды.

«Алдағы уақытта оларды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі Индонезияның Әділет министрлігімен, ұлттық полицияның халықаралық істер бөлімімен және өзге де тиісті ведомстволармен бірлесіп шешіледі. Барлық іс-шара ұлттық заңнама мен халықаралық келісімдер шеңберінде өтеді. Қазір Сәрсемәлиев Солтүстік Ломбок полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында», — деп мәлімдеді осы тұста жергілікті ақпарат құралдары.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер