KZNews.kz
Қоғам

«Imrat Group» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Ayzhan Sylanova
Фото: shutterstock

Азаматтар арнайы реферальды сілтеме арқылы тіркеліп, криптоәмиянға 20-дан 10 000 АҚШ долларына дейін (USDT баламасында) қаржы салған. Алайда бұл қаражат тек пирамида ішіндегі қатысушылар арасында қайта бөлініп отырған — төлемдер жаңа қатысушылардың жарнасы есебінен жүргізілген.

Күдіктілер өз әрекеттерін заңды инвестициялық жоба етіп көрсету үшін кеңселер ашып, жарнама жүргізіп, презентациялар мен Telegram-арна арқылы жоғары табыс уәде еткен.

Уақытылы тоқтатудың арқасында пирамидаға 30 адам ғана тартылып, жалпы 89 млн теңге шығын келтірілген. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

2025 жылдың басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 31 қаржы пирамидасына қатысты 90 істі тергеп, 7 млрд теңге залалды өтеді. Сонымен қатар 14 мыңнан астам жалған инвестициялық ресурс бұғатталып, Instagram мен Telegram-дағы 535 мың қатысушысы бар 100-ден астам заңсыз чаттар жабылды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары