Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Илья Ильиннің ағасы мен спорт саласының шенеуніктері жемқорлық үшін істі болды

Илья Ильиннің ағасы мен спорт саласының шенеуніктері жемқорлық үшін істі болды

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин мен өзге де спорт саласындағы шенеуніктер жемқорлық үшін істі болды, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"27 мамырда Қызылорда облысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты сот шешімі шықты. Оған 5 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар облыстық мамандандырылған 5 мектептің директорларына 10 және 20 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды. Олар: Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикибаев", – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Жоғарыда аталған тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.

(Фото stan.kz)

Автор
Айбар