Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ильхам Әлиев Қарабақ астанасында Әзірбайжан туын көтерді

Ильхам Әлиев Қарабақ астанасында Әзірбайжан туын көтерді

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев 15 қазанда Таулы Қарабақтағы бірнеше елді мекенді аралап, астанасында елінің туын көтерді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі АзерТадж басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Әлиев Қарабақ астанасы Ханкенди, Ходжалы қалалары мен Аскеран, Малыбейли ауылдарын, Аскеранск бекінісін, Агдер қаласы мен Сарсанг су қоймасын аралады.

Ханкенди, Ходжалы, Агдер мен Сарсанг су қоймасында Әзірбайжан туын көтеріп, сөз сөйледі.

19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта әскери операция бастады. Қақтығыс 3 күнге жуық уақытқа созылып, нәтижесінде екі тарап келісімге келді. Ал негізгі талаптардың бірі – армян құрылымын қарусыздандыру. Әлиев барлық елді мекенді бақылауға алып, мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының 2024 жылы 1 қаңтарда жойылатынын мәлімдеді.

Автор
Айбар