Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ІІМ: Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді - Қазақстан жаңалықтары

ІІМ: Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді - Қазақстан жаңалықтары

Тасқын судан зардап шеккендерге өтемақы төленеді. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап Stan.kz.

«Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында суды сору жұмыстары жүргізілуде. Онда екі үйді жер асты суы алып кеткен. Суды сорып тартып шығару жұмыстары аяқталғаннан кейін бағалау жұмыстары жүргізіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарына келер болсақ, қызыл су егін даласын алып кеткен. Бұған қатысты да тиісті жұмыстар жүруде.

Арнайы комиссия жұмыстары аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қажеттілік туындаған жағдайда өтемақы төлейді», - дейді ішкі істер министрінің орынбасары.

Ильиннің сөзінше, тасқын сумен күрес мақсатында 12 мыңға жуық адам мен 3 мыңнан аса техника жұмылдырылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.


stan.kz
Автор
Санжар