«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ІІМ құжатты уақтылы ауыстыруды ескертті

ІІМ құжатты уақтылы ауыстыруды ескертті

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда ақпаратты электронды тасымалдаушы (чипі бар) жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжат 2009 жылдан бастап беріле бастады.

Халықаралық стандарттарға сәйкес олардың жарамдылық мерзімі 10 жыл, келесі жылы аяқталады. Осыған байланысты ІІМ құжатты уақтылы ауыстыру туралы азаматтарды ескертеді.

"Құжатты республика аумағындағы кез-келген ХҚКО-да (бұрынғы аумақтық қағидат бойынша) ресімдеуге болады. Сонымен қатар ескі үлгідегі құжатты жаңаға айырбастауды (түрін өзгерту жаңа технологияда әзірлеуге сәйкес) ХҚКО-ға бармастан жүзеге асыруға болады, ол үшін «электронды үкімет порталы» арқылы сұрау жіберу қажет (3,5х4,5 см. цифрлі фото сурет пен сканерленген жеке қолы графикалық файл түрінде электронды сауалхатпен бірге жолданады.)" - делінген ІІМ таратқан хабарландыруда.

Қолайлы болу үшін бұрыңғы құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына дейін бір ай қалғанда аталған құжаттарды ресімдеуге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Бауыржан