"I'm a singer Kazakhstan" байқауының екінші маусымында әнші Роман Ким жеңімпаз атанды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.
16 желтоқсан күні Роман Ким I'm a singer Kazakhstan 2018 байқауының гранд-финалында "Show must go on" әнін орындады. Сондай-ақ, ол әнші Әли Оқаповпен бірге Батырхан Шүкеновтың әйгілі "Қайран көңіл-ай" әнін шырқады.
Екінші болып Нұрболат Абдуллин орындаушы Ерген Айтымбетовпен бірге үнді тілінде дуэт орындаса, үшінші қатысушы - Ayree әнші Арай Айдарханмен бірге қазақ тіліндегі "Құсни Қорлан" әнін әуелетті.
Жексенбі күні болған байқаудың ақтық сынында "Еуровидение-2016" жобасының жеңімпазы - Жамала (Украина) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қазақ тілінде "Самға" әнін орындап берді.