Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Храпуновтардың Қазақстандағы қандай мүліктері тәркіленді?

Храпуновтардың Қазақстандағы қандай мүліктері тәркіленді?

Ұзақ жылға сотталған Виктор және Лейла Храпуновтар пен олардың туысы Айяр Ильясовтың мүлкі тәркіленетін болды. Виктор Храпунов Алматы әкімі қызметінде болған кезде ұрланған барлық мүлік мемлекет меншігіне қайтарылмақ деп хабарлайды BNews.kz.

Бұрынғы шенеунік оңтүстік шаһарды басқарып тұрғанда едәуір мүлікке иелік етіп үлгерген.

Мәселен Алматы территориясында олардың меншігінде 5 жер телімі, жеке үй, "Эдельвейс" коттеждер қалашығындағы вилла, шамамен 10 пәтер, Самал ықшамауданында 3 көлік тұрағы мен әл-Фараби даңғылының бойында 16 гараж болған.

Сот бұлардың барлығын тәркілеуге шешім шығарды.

Бұдан бөлек Храпуновтарға тиесілі Өскемендегі 4 жер телімі мен кеңселік үй-жайлар, ШҚО-ның Көкпекті ауданындағы 3 жер телімі мен Алматы облысындағы 3 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.

Аталмыш мүліктен бөлек, ерлі-зайыпты Храпуновтардың шотындағы барлық қаржы тәркіленбек.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда "Храпунов ісіне" нүкте қойылды. Оңтүстік шаһардың бұрынғы әкімі Виктор Храпунов 17 жылғы, оның жары 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

 
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары