Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Хан сарайындай: Өмірқұл Айниязов үш қабатты зәулім үйін көрсетті (фото)

Хан сарайындай: Өмірқұл Айниязов үш қабатты зәулім үйін көрсетті (фото)
Отандық әнші Өмірқұл Айниязов көпшілікке өзінің Алматыдағы үш қабатты зәулім үйін көрсетті деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өмірқұл Айниязов. Фото: "Айта берсін" бағдарламасынан

Әншінің хан сарайындай үйінің құрылысы екі жылға жуық жүргізілген.

"Біраз дүние шеберлердің қолымен жасалды. Барлығын мамандар безендірді. Үш қабатты үйіміздің аумағы 300 шаршы метр. Екі қабатта алты бөлме бар. Сосын бірінші қабатында асхана бар. Үйіміздің бір жағын сауна, демалыс орны қыламыз", - деп ағынан жарылды Өмірқұл Айниязов.

Өмірқұл Айниязов. Фото: "Айта берсін" бағдарламасынан

Сондай-ақ, әнші үй құрылысына өзі ойлаған 200 мың АҚШ долларынан да көп қаражат кеткенін мәлім етті.

"Біз үйдің құрылысын бастағанда цементтің өзі 750 теңге болатын. Қазір оның бағасы 1400 теңгеге көтерілді. Доллардың бағасы да өсті. Сондықтан біз ойлағаннан да көп қаржы жұмсалды", - деді термеші.

Өмірқұл Айниязов. Фото: "Айта берсін" бағдарламасынан

Өмірқұл Айниязов. Фото: "Айта берсін" бағдарламасынан

Автор
Арман