Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Халықаралық іздеуде жүрген Арғын Нығматулинге қай баппен іс қозғалғаны белгілі болды

Халықаралық іздеуде жүрген Арғын Нығматулинге қай баппен іс қозғалғаны белгілі болды

Прокуратура органдарының бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялаған Арғын Нығматулиннің үстінен қандай бап бойынша іс қозғалғаны мәлім болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


"Бас прокуратура А.Нығматулинге және басқа да күдікті тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 4-бөлігі 2-тармағы бойынша тергеу жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

Бұл бап бойынша, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматуллинге қатысты тергеу деректерін бөліскен еді. Әсет Шындалиевтің сөзінше, қазір Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланған.

"Бұған дейін хабарланғандай, прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Іздеу жарияланды. Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу деректері жария етілмейді", – деді ол.

Әсет Шындалиевтің айтуынша, іздеу жұмыстарымен интерпол шұғылданады. Ведомство оның қазір қай жақта екенінен хабарсыз.

Автор
Данияр