Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Халық санағы 2020: барлық мәлімет

Халық санағы 2020: барлық мәлімет

Қазақстанда 2020 жылдың қазан айында ұлттық халық санағы өтеді. Ауқымды акция 1-30 қазан аралығына жоспарланған. Sputnik Қазақстан алдағы санақтың негізгі мәліметтерін ұсынады

2018 жылы ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті пилоттық халық санағын өткізуге 481,З миллион теңге бөлген еді. Биылғы жылдың тамызындағы жағдай бойынша халық санағына 3 миллиард 20 миллион теңге бөлінді.

Оның ішінде 579 миллион теңге "е-Статистика" жүйесіне дамытуға, 1 миллиард 495 миллион теңге планшет пен компьютер сатып алуға, 475 миллион теңге көлік сатып алуға, 79 миллион теңге штаттан тыс қызметкерлердің жалақысын төлеуге, 392 миллион теңге шарф, портфель, кеңсе тауарларын алуға жұмсалады.

Тағы оқыңыз: Биыл өткізілуі тиіс халық санағы неге кейінге қалдырылды?

Халық санағын 30 мың адам жүргізеді. Оның ішінде нұсқаушы-бақылаушылар мен сұхбат алушылар бар. Бұл жұмысқа 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары тартылады. Оларға уақытша жұмысы үшін айына 75-тен 113 мың теңгеге дейін төленеді.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан

Журналист