Ақмола облысында бөгет жарылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев тағы қандай уәде берді?

"Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев тағы қандай уәде берді?

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес отырысында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы газдандыру шаралары жайында сұрап: "Біз алғаш рет оңтүстіктен солтүстікке үлкен газ құбырын тарттық. Ондайды ешқашан жасаған емеспіз. Енді, осыны халықтың игілігіне жарату қажет, халық сезінуі керек. Соның арқасында Нұр-Сұлтанның экологиясы жақсарады, қалалар газбен қамтамасыз етіледі. Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады", – деді Назарбаев.

"Алдағы жылу беру маусымында Нұр-Сұлтан қаласы газды қабылдайды. Бүгінде "Сарыарқа" газ құбыры пайдалануға берілді. Құбырдың ішінде қысым бар. Қазіргі кезде ЖЭС-2-ні газға ауыстыру жұмыстары атқарылып жатыр", – деді Мамин.

Назарбаев пен үкіметбасының берген уәдесінің орындалуын күтеміз және бақылайтын боламыз.

Автор
Еркебұлан