Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Halyk SuperApp істен шықты: қазақстандықтар банк қосымшасына кіре алмай отыр (ФОТО)

Halyk SuperApp істен шықты: қазақстандықтар банк қосымшасына кіре алмай отыр (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақстандықтар банк қосымшасының жұмысында ақаулар пайда болғанын айтып, шағым түсіруде, деп хабарлайды kznews.kz.

5 қаңтар күні таңертеңнен бастап қолданушылар Halyk SuperApp қосымшасына кіре алмай отырғанын жеткізді. Клиенттердің айтуынша, сервиске кіру немесе қандай да бір операция жасау кезінде қате туралы хабарлама шығады.

"Бізге көптеген сұраныс келіп түсуде. Сәл кейінірек қайтадан байқап көріңіз. Қате орын алды. Сұранысты кейінірек қайталаңыз", – деген ескерту банк клиенттерінің экранында пайда болған.

Halyk Bank өкілдері қосымшаның уақытша істен шығуына техникалық жұмыстар себеп болғанын түсіндірді.

"Қазіргі уақытта жүйеге түсіп жатқан жүктеменің артуына байланысты қосымшада уақытша техникалық шектеулер байқалуда. Банктің мамандар командасы сервистердің тұрақты жұмысын қалпына келтіру және жүйені тұрақтандыру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Шектеулерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде жою және қызметтерге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылдануда. Клиенттеріміз бен серіктестерімізге түсіністік танытқандары үшін алғыс айтамыз", – деп мәлімдеді банк баспасөз қызметі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер