Рейтинг қуу заманы артта қалды: Әкімдер мен министрлерді бағалаудың жаңа жүйесі несімен тиімді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Халық кеңесі бюджетке қанша салмақ түсіреді?

Халық кеңесі бюджетке қанша салмақ түсіреді?
Фото: ашық дереккөздерден

Жаңадан құрылған мемлекеттік-саяси институттың қызметін қаржыландыруға бюджеттен 1,7 млрд теңге қарастырылып отыр екен.

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасын таныстыру кезінде осындай соманы атады.

- Қазақстан Халық кеңесінің қызметіне 1,7 млрд теңге қарастырып отырмыз. Бұл қаржы жаңа органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталмақ, – деді ол бүгін Құрылтай отырысында.

Халық кеңесі биылғы жаңа Конституция аясында құрылды. Оның міндетіне мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты дамыту кіреді.

Кеңестің құрамында 126 адам болады. Оның 42 мүшесі этномәдени бірлестіктерден, 42-сі қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан, тағы 42-сі өңірлер, Астана және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестері арқылы қалыптастырылады. Халық кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт жыл болмақ.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.